Қазақтың «секс символы» кім?

Әлемнің ең қалаулы әйелдері (еркектері де) кім екенін білесіз. Джоли, Фокс, Йохансон десе, еркек атаулының сілекейі шұбыра жөнеледі екен-мыс (қайдан білейік). Біз де қарап қалғамыз жоқ. Былтыр «нұр.кз» порталы ең сұлу, ең сүйкімді, ең тартымды, ең қылықты… емес, ең «сексуальный» отандық «жұлдызды» түгендеп берді.

Содан не керек, біреулер мәшһүр актриса деп жүрген Әсел Сағатова «алтын алқа» тағынды. Белгілі фильмде орыстың баласын шөпке жатқызып  сүйіп алатын Ассэл «сайлаушылардың» 32,2 пайызының даусын жинапты (кәдімгідей оза шапты деген сөз).

Әселдің артынан барын киіп (дәлірегі шешіп), бақанын сүйретіп  Линда Нигматуллина шауып жеткен. «Медвежья охотада» (Буржуй ойнайтын орыс киносы ше) жалаңаш түсіп, атышулы «Қайрат-чемпионда» ұл сияқты қызды жетектеп, соған «әйелге шыққысы келетін» Линда Талғатқызы дауыстың 14 % қалтасына салған.

«Сталинге сыйлық», «Рывок» фильмдерінде төбе көрсетіп, өзін киноактриса сезініп жүрген үрлеулі әнші Әсел Сәдуақасова «қола медальді» місе тұтса керек (9,5 пайыз).

Одан төменірек 7 пайызбен Лидо, және 5,8 пайызбен Мақпал Исабекова тұрақтаған екен. Ал Ділназ Ахмадиева, Динара Сұлтан секілді әншілер мен «интим-кеңестермен» бөлісуден жалықпайтын Юлия Зайцеваның 5 пайыздан аз дауыс жинап, қалаулылар қатарына енбей қалғаны ұят болыпты.  Үтікті қоссаң да жарқ етіп шыға келетін Мәдина Сәдуақасова бұл аламаннан бейхабар қалса керек, кейін санын соғып өкініпті деп естідік (әрине, қалжың) :).

Ал «всепрокино» деген сайт «секси» жігіттерді іздепті. Киноэкраннан «жөнді» жігіт таба алмаған автор айналып келіп Санжар Мәдиевке тоқтаған. Жай ғана тоқтамаған, актерден жартылай жалаңаш сурет талап еткен. Расында, «Айдың арғы беті» мен «Қызғылт қоян» кейіпкерінің келбетінде мін жоқ (Санжар, бірақ жалаңаштанып суретке түсіп жүрмеңіз :)).

Басқа біреулер Берік Айтжанов («Ликвидатор» Арсен, «Ағайынды» Шыңғыс, Мұстафа Шоқайдың інісі Байдрахман және «Махамбет») пен Мұрат Бисембинді («Рэкетир» Руслан брат) атайтынын «аталарым айтып» отыр. «Намба уан»романтик әншіміз Мейрамбек Беспаевты ұмытып кетсек, тыңдарман кешіре қоймас. Бір кезде Қоянбаевтың да осы тақылеттес рейтингті бастап тұрғаны еміс-еміс есімде (өзім бірақ ол жерге қол қойған жоқпын). Егер тереңдеп қарасақ, қазақтың «на все времена» ең көрікті жігіттері Сәкен Сейфуллин мен оның қыз жүрегі жолындағы бас «сапернигі» Мағжан Жұмабаев шығар. Маған салса, әр жылдардағы қазақтың «секс-символдарының» тізімін жасар едім, бірақ ел түтіп жеп қоя ма деп қорқып жүрмін 🙂 Алдымен мынаны біліп алу керек: «секс-символ» деген «атақ» қазаққа керек пе? (Айжаннұрдың «секси деген сөзді айтудан ұялмайтын болдық» дегені есіме түсіп, қызарып-ақ отырмын :)).  Егер керек деп тапсаңыз, қазіргілерден «сысимвол» кім екенін жазып қалдырыңыз))

СС. ( бұл жолы «сөз соңы» дегенім) Сағатованың «жетістігін» жариялап, көгеріп кеткен ақпаратпен бөлісу емес еді ниет. Сіздің пікірді білгім келіп «өліп» барам ;).

23 пікір (+add yours?)

  1. Жүрек СӨЗІ
    Нау 27, 2011 @ 08:11:11

    Мұсылман үшін өзінің адал жары ғана «секси» болу керек қой. 🙂

    Жауап беру

  2. Abay Otar
    Нау 27, 2011 @ 09:07:20

    Негізі бізге «секс символ» деген қажет емес. Ол – батыстың бізді аздыру үшін жасаған аяла-шарғысы деп түсінемін. Бүгін секс символды анықтасақ, ертең кімдікінің размері дәу деп шапқылап жүрерміз. Бәр нәрсені жаңадан қылтыйып келе жатқанда кетуі қиын болатын шығар

    Жауап беру

    • karagooz
      Нау 27, 2011 @ 18:21:12

      Ол да рас. Менің ойлағаным, өзімізде де тамсанатын, ұқсауға тырысатын қыз-жігіттер бар. Өз кумирлерімізді насихаттау керек сияқты. Бірақ, мүмкін, шынымен де «ссимвол» деп емес шығар. Бәлкім, ең тартымды, ең сұлу деп рейтинг жасаймыз?..

      Жауап беру

      • Abay Otar
        Нау 27, 2011 @ 18:39:19

        Мен негізі біздің әншілерден көңілім қалды. Қай каналды қарасаң халық үшін жүрміз дейді. Бірақ, халқына тегін концерт беріп жатқан біреуін көрмейсің. Баяғыда, марқұм Роза апамыз біздің ауылға келіп тегін концерт қойған еді. 1993 жыл болуы керек. Содан бері ешқандай әнші көрмепті ауылдастарым.

      • karagooz
        Нау 27, 2011 @ 18:52:23

        Бизнес, бизнес… Айтсаң, жылап шыға келеді. «Біз де нан жеуіміз керек» деп…

  3. aizhannur
    Нау 27, 2011 @ 15:50:18

    Kyzyyyk 😀

    Negizi bar goi kyz bolyp suiktimnen baska jigitke kumartkan emespin, sol sebep bireudi supermega tartymdy dei almaim. Ew bir juldyzdy oz kuwagymda elestete almaim, jiirkenip ketem. (tabigatymnan sondaimyn, bireudin jabyskanyn, suigenin unatpaimyn, dostup k telu tolko blizkim :D).

    Kyzdardan erekwe sulu dep Lindany aita alam, endi menimwe vawe ademi sekildi. Kazakhtyn Jolie-i goi 😀

    Jigitterden Berkut bar Pitt myrzanyn ornyna :))

    Жауап беру

    • karagooz
      Нау 27, 2011 @ 18:13:33

      иәәә, біреуді құшағыңда елестету деген «извращение» сияқты ғой)) Алла сақтасын.

      Жауап беру

      • aizhannur
        Нау 28, 2011 @ 07:55:22

        білмейм, мүмкін извращение шығар, бырақ талай қыздың құмарлығы тасып жүргені рас қой. Бір құрбым айтпақшы «я бы с ним переспала», демек елестете алады.

        Линданың не істеп, не қойғаны қызық емес, түрі әдемі. Мен оны кереметтей өнер иесі дей алмайм. Даусы әдемі бірақ. Екі жұлдызда жарады ғой.
        Бүркіт жасанды болса да, стандарттарға келеді. ))))
        Ал секси деген сол бір стандарттардың бірі ғана.

    • karagooz
      Нау 27, 2011 @ 18:25:17

      Айтпақшы, екеуміздің «бұкусымыз» бір екен. Маған да Линданың келбеті ұнайды. Бред Питт те «Аполлон» ))). Бірақ Бүркіт деген сондай жасанды адам сияқты 😦

      Жауап беру

      • Abay Otar
        Нау 27, 2011 @ 18:44:52

        Мен Линданы орыстың бір сериалынан көріп көңілім қалған. Бір аққұлақпен жабысып сүйісіп жатыр. Не б темү. Шатыспасам «Платина» деген кино ау деймін.

      • karagooz
        Нау 27, 2011 @ 18:55:47

        Мүмкін, ондай кино көрмеппін. Әйтеуір, сол «аққұлақтардың» бір фильмінде тәнін көрсетіп жүргенін көргем. Ескерту (ақталу :)) бізге ол қылығымен, не тәрбиесімен емес, сырт келбетімен ғана(беті, шашы, көзі… деген сияқты ғой)) ұнайды. 🙂

  4. tagdir
    Нау 27, 2011 @ 16:05:26

    Жұртты алдап қоймақпысыз секспенен.
    Біреуге бұл тақырып жетіспеген.
    Ерігіп ермек қылып жазбабетке,
    Сексті бере сапсыз текспенен…

    Жауап беру

  5. sapashov
    Нау 27, 2011 @ 18:26:37

    Меніңше, ондай атақты беру, тек еріккеннің ермегі. Әр адам өзінше сұлу. Батыстан келген дертке еліміздің шалдығып жатқандығына күрсіне қараудан басқа еш шарам жоқ.

    Жауап беру

  6. tagdir
    Нау 28, 2011 @ 04:12:35

    Ренжімеймін.

    Жауап беру

  7. balzhan
    Нау 29, 2011 @ 07:18:58

    Осы Әсел Сағатованың жүзінде эмоция жоқ. Қалай актриса болып жүр екен? Алаштықтардан Сәкен мен Мағжанды айтып кетіпсің, меніңше Міржақып красавчик болған сияқты.

    Жауап беру

  8. Gastarbaiter
    Сәу 08, 2011 @ 09:20:29

    яқққ, американың сары газеттерінің озық стилінде жазыпсың. Секс символ кім? Кімнің аяғы ең әдемі? Кім ең сұлу, тартымды? деген жарыстар осындай біреуге қарап өзіне баға беретін қыздар мен реалда сексуалдық өмірі қанағаттанбаған жігіттерге арналған деп ойлаймын.
    Жерге жақын болыңдар, журналдағы тоқсан ретушь пен жарық пен фотошопақтың әсеріне беріліп өмірдегі қыздарды менсінбей жүргендер қаншама.

    Жауап беру

  9. Қосақ
    Сәу 08, 2011 @ 11:10:36

    Секси дегенен жұрт шошып кетіпті ғой. Басқаша атау тауып, өзіміздің қазақ қыз-жігіттерінің танымалдығын жариялап отырған дұрыс деп ойлаймын.
    Иә, Сәкендердің сұлулығы көптеген адамдарды тамсантқан ғой, Г.Серебрякованың естеліктерінде күшті жазылған, ал қазіргілерге келсек – қазақта да бар ғой марқасқалар. Өзіме Динара Егеубаева, Айгүл Мүкей ұнайды.

    Жауап беру

  10. nurlandos
    Сәу 26, 2011 @ 12:12:27

    «Кім секси?» дегеннен гөрі «Қай әншіні нағыз қазақ дей аламыз?», «Қарапайым жұлдыздар» сияқты нәрселер болса жөн болар еді.

    Жауап беру

  11. nurlandos
    Сәу 27, 2011 @ 18:21:30

    Тегін берейін. )))

    Жауап беру

Пікір қалдыру