Мынандай құлақтандыруды көзіңіз шалған болар: «12 – 21 қыркүйекте Алматыдағы Қаржылық орталықта осы уақытқа дейін қазақстандықтардың жүрегін жаулап үлгерген «Төбеге қара» деген көрме өтеді. Әлемдегі бірден-бір, мұндай форматтағы көрме-перфоманс бұл жолы сіздерге қазақстандық авторлардың эротика, ню-арт стиліндегі 200 жұмысын ұсынады». 200 жұмыс дейді. Әрине, қазақтың тыр-жалаңаш қыздары. Газетке береді, жаңалықтан көрсетеді, көрме жасайды. Былғанбаған нең қалды? Қарагөз қарындастың бойында қай қасиет қалды тапталмаған?
Қоғам әбден азғындағанда… Нәпсісін де өнерге телиді екен. Бостандыққа балайды. «Ню арт» деген «термин» жақсы болды, ә десең өнер, ә десең эстетика деп аузыңа «құм құяды». Жібектің More
Жатып көретін жалаңаш көрме
18 Там 2011 2 пікір
in Анау-мынау Кілтсөздері:жатып көретін көрме, ню арт, нұрлан төреханов, подними глаза
Медетті неге ұнатпай кеттім?
10 Там 2011 5 пікір
in Анау-мынау Кілтсөздері:алаяқтар, алматы-астана, екінші вокзал, жолсерік, пойыз, қазақстан темір жолы
Жол азабы деген жойқын екен. Бұрын отарбамен ары-бері зымырағанда, «зайчик» болып жүрген жолаушыларды көріп, керіліп отыратынмын. Маңдайым тырысып, тыжырынып дегендей :). «Осылардікі не сор, болмашы тиын-тебенге бола әр бұрышта бір тығылып, үшінші полкаға жатып«…»Не ат харошей жизни», аказывается.
Осы жолы Астанаға жетуім қызық болды. Бір қора адам шығарып салуға келіпті. Екінші вакзалда тұрмыз. Сағат 18.30. 18.40-та жүретін пойыз әлі жоқ. Бірінші жолда маған арман болған тальго тұр. Оған билет табылмады. Табылған пойызым көрінбейді. Бір уақта Құралай құрбым «әкелші» деп, билетке қарап тұрып: «Асюююююш! Пойыз бірінші вакзалдан жүреді екен ғой!» дегені. Жүрегім зырқ ете қалды. Сссұмдық. Қққалдым. More
Абай бар, «Абай» жоқ
09 Там 2011 6 пікір
in 25-кадр Кілтсөздері:"біржан сал", "махамбет", "мұстафа шоқай", абай, абай жолы, абай туралы фильм, ардақ әмірқұлов, болат әбділманов, мұхтар әуезов, қазақ актерлері, қазақ киносы
Осыдан бірер жыл бұрын Бішкекке жолымыз түсті. «Қырғызкиноны» басқарып отырған режиссер Замир Эралиев, Алматыдан келген бізден жаңалық сұрады. Ардақ Әмірқұловтың «Гүлсарыға» кіріскен кезі. «Шыңғыс байкеңізді пейішке шығарайық деп жатырмыз» деп «шаттандық». Сонда қырғыз режиссері: «Ардақ Әмірқұлов ұлты қазақ Абайды түсінген жоқ, енді қырғыз Шыңғысты «тойдырып» жібереді деп айта алмаймын» деп бір-ақ кесті. Есемді жібергім келмеген мен: «Ардақ Әмірқұловтың «Абайын» бұл қоғам түсінбейді, ол келесі ұрпақтар үшін түсірілген» деп жібердім. Қайдан шықса, онан шықсын. Жат жұртты солай жұбатқанмен, өз ішімізде білеміз, Ардақ түсірген «Абай» – Абай емес. More
Аюханов айдан түсті ме?..
04 Там 2011 8 пікір
in Ой түбінде жатқан сөз Кілтсөздері:болат аюханов, дәулетхан әлімғазы, халық биі, қазақ биі, қара жорға, өзбекәлі жәнібеков, өнертану
Жақында орыстілді бір басылымға Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың сұхбаты шықты. Расында, оның шыққаны туралы Жандос досым айтып еді маған. Іздеп жүріп оқып шықтым. Төбе шашым тік тұрды.
Ағамыз айды аспанға шығарып, «Народный танец такое же привнесенное искусство в Казахстане, как и балет. Ну не было у казахов танцев! Их высосали из пальца, придумали на основе обрядов и традиций», – дейді. Дейді де, «Поскольку у казахов никогда не было танца, влюбленная в Казахстан Лидия Чернышева создавала пластику на основе песен, обрядов, подражания традиционным занятиям кочевников» деген түйіндеме жасайды.
Қалайша жағаңды ұстамайсың? Бізде бидің тарихын зерттеп жүрген кісі некен-саяқ. Бір біледі деп сенсек, бидің «сүйегін шағып, майын ішкен» Болат Аюхановқа сенеміз. Ал осылай деп бәріміз бас ұрып жүрген мәртебелі маманымыз More
Болсаң, мінсіз бол!
02 Там 2011 6 пікір
in 25-кадр Кілтсөздері:елім-ай, обратная сторона, санжар мәдиев, сказ о розовом зайце, қазақ актері, қазақ киносы
Бар ғой, бар ғой, қазіргі қазақ киносындағы ең симпатичный жігіт осы сияқты. САНЖАР МӘДИЕВ. Қаланың «продвинутый» баласы. Қазақшасы керемет емес. Сонда да маған ұнааааааааайды. «Обратная сторона»-да көргенде «сынғам». Сосын «Розовый зайчикта» оңбағанның ролін жақсы ойнап шықты. Болашағын уақыт көрсетер, дегенмен үкілеп отырған актеріміз жерге қаратпас деп ойлаймын.
Бір білгенім, «девушкасы» бар. Так что, бақытты болыңдар дейміз, не дейміз басқа))… Сонымен, газетімізде шыққан шағын сұхбаты…
– Жақында Америкаға барып келдіңіз…
– Иә, Голливудта біліктілігімізді көтердік. Кино әлемінің кіндігі керемет әсер қалдырды.
– «Елім-ай» фильмін көрдік. Сіздің кейіпкеріңіз аса адал жан…
– Рас, өзім де сондай болсам деп қоямын.
– Басқа қандай жобаларға қатыстыңыз?
– А.Ыбыраевтың «Баха мен Таха» фэнтезиі көрсетілуі керек, Е.Рақышев «Айша» деген сериал түсірді… Қазір «Охота на призрака» деп аталатын киноны түсірудеміз.
– Қандай рольді армандайсыз?
– Фантастика мен психологиялық триллерде ойнағым келеді.
– Сіздің түстеріңіз орындала ма?
– Иә. Көпшілігі.
– Ұлттық университетті, Экономика университетін және Өнер академиясын бітіргеніңізді білеміз. Біліміңізді дамытып жатырсыз ба?
– Әрине, өзіңді-өзің дамытпасаң, деградация басталады. Біріншіден, шағын курстар бар. Екіншіден, ылғи бір жаңа дүниелер кездеседі, көресің, оқисың.
– Неше тіл білесіз?
– Ағылшын, қазақ, орыс, неміс, және аздап француз тілін.
– Қандай гаджеттерді пайдаланасыз?
– Ай-фон.
– Виртуалды өмірде шынайы дос табуға бола ма?
– Өте сирек. Ерте ме, кеш пе, адамның көзіне қарағың келеді. Әйтеуір, өз басым сөйтемін. More
Михалков. Пират. Антивирус. Кәмшат.
25 Мам 2011 9 пікір
in 25-кадр, Анау-мынау, Театр, театр, театр... Кілтсөздері:Антивирус, Джонни Депп, Кариб теңізінің қарақшылары, Никита Михалков, Утомленные солнцем, Қаллеки театры
Біраз уақыт көрінбей кеттім, рас. Сонымен, менің рухани өмірімді не “тамақтандырды»? Алдымен, біраз күн есімнен шықпай жүрген «Утомленные солнцем. Цитадель». Мұндағы кілтсөз – соғыс, сатқындық, махаббат, тағдыр, сталинизмді, не өткен дәуірді айыптау… емес. Кілтсөз – орыс және Құдай. Дәлірек айтқанда, бұл орысты Құдайдың жақсы көретіні туралы фильм.
Әрине, Митяға жаның ашиды. Котов та қанша батыр болса да сүйгенінен айырылды. Ар-ұяттарын сатып жіберген кемпір-шалдар да өзгермеген. Бірақ бұл туынды жеке драмалардан биіктеп, ұлы ұғымдарға жеткен. Біреулер жазыпты. «Михалков көрсеткен Ресейден қашып кеткім келеді» деп. Былшылбай. Қайдан болса да қашып барғың келеді. Өйткені а-ля Достоевский стиліндегі қоғами мерездері бола тұра, бұл – әркім өзінің ары үшін күресетін мемлекет. Сондықтан да «қасапшы» болуға тиіс Котовтан бастап «ет» ретінде «айдалып» келген әрбір «сарбазға» дейін, More
Медея Иманбаева. Мейірім іздейміз
12 Мам 2011 16 пікір
in Театр, театр, театр... Кілтсөздері:А.И. театры, Айгүл Иманбаева, Астана, Гүлжамал Қазақбаева, Жан Ануй, Жұлдызбек Жұманбай, Медея, Темір қатын, Ясон, гастроль, жекеменшік театр, шетел драматургиясы, Ғ.Мүсірепов атындағы театр, Әсет Иманғалиұлы, Қадырғазы Қуандықов, қазақ театры
Кеше, яғни 2011 жылдың 11-мамыры мен үшін өте бақытты күн болды. Өйткені Алматыдан «төркінім» ТЮЗ-дің актерлері келді. Айгүл Иманбаеваның театрымен. Бәрі емес, әрине. Алайда өзім жақсы көретін Гүлжамал апай Қазақбаева, Қадырғазы аға Қуандықов, ең «сүйікті» актерлерімнің бірі Жұлдызбек Жұманбай мен Әсет Иманғалиевтер (екеуі де «Еларнадағы» «Бағдаршамның» жүргізушілері). «Медеяны» көрсем деп жүр едім, өздері келіп қалғаны мұндай жақсы болар ма. Шыны керек, «Темір қатын» көңілімнен шыққан жоқ. Арзанның аты арзан ғой. «Медея», дәлірек айтқанда Айгүл Иманбаева мені таңқалдырды. Ылғи геройларды ойнағанымен, Жұлдызбек үшін де Ясон – «Қызыл орамалды шынарымнан» кейінгі салмақты ролі ме деймін.
Бурабай бұртиған жоқ
10 Мам 2011 10 пікір
in Фотоньюс Кілтсөздері:Бурабай, белсенді демалыс, демалыс, жұмбақтас, мереке, оқжетпес, табиғат, халық сөзі, Қазақстанның жауһарлары, қазақ жері, құлагер ескерткіші
Мереке күндерін алғаш (1 мамырды есептемегенде) Астанада өткіздім. Өкінгем жоқ. Себебі жүгімізді жинап, екі тәулікке «Арқада жер жетпейтін» Бурабайға аттанып кеттік. Коллективпен. Рас, сұлу жер. Жаның жай табады.
«Жұмбақтасқа» жаяу бара алмадық… More
Хош, ханзадам…
30 Сәу 2011 2 пікір
in Фотоньюс Кілтсөздері:ақсүйек, британ патшайымы, кейт миддлтон, той, уильям, ханзада, ханшайым
Кеше Уэльс ханзадасы Уильям Кейт Миддлтонға үйленіп тынды. Тойларына бармасақ та, барғандай болып тамашаладық. Кейттің көйлегі ашық-шашық емес, аристократтық талғамына сай жып-жинақы. Сүрініп те кеткен жоқ, артық та күлмеді, бойын тік ұстап, елге сәлем жолдап, жымиып жүрді. Принц как всегда, елдің сүйкімдісі болды. Бетінде бір ирония бар, салтанат олар үшін емес, ел үшін сияқты. Араларында ерекше бір мейірім, тұтастық сезіледі.
Ханзада басқа қыздарға «хош» деді
Жігіт болсаң, Тордай бол!
28 Сәу 2011 6 пікір
in 25-кадр Кілтсөздері:голливуд, жаңа фильм, натали портман, тор, энтони хопкинс
Досым Далай Лама депрессияда жүр екен. Жұмысқа зауқы жоқ, ас батпайды, киноға да өзін «зорлап» барып жүр. Астананың келмей қойған көктемі әсер етті ме, біз де соның ар жақ-бер жағындамыз. Не керек, «жүр де жүр» деп қоймады. Басында келісіп алып, уақыт жақындағанда лақтырып етем деген ап-арам ойым бар еді. Назым бұзды. Назокты шақырып алып, өзім бармай қалсам, ұят болады ғой деп, жан-дүниемде болған көтерілісті басып, «Керуенге» қарай бет бұрғанбыз. Далай Ламаның да көңіл-күйі жоқ. Менің де сіркем су көтермей тұр. Сонда да болса бір «Капричиоза» пиццасын (пияз қосылған екен, әдеттегі күнде өлсем жемейтін едім, тұмауратып тұрған соң, көзді жұмып жіберіп, «ем болсын» деп соғып алдым :)) жарысып отырып жеп, лимонмен шәй (ол да вирустарды өлтіруі тиіс) ішіп отырғанда, Назым да жетті. Кино да басталды. Премьера. Ай-макс. «Тор» дегенде қайта-қайта Талғат ағаның (Теменов) «Торосы» ойыма шалынып қала береді. Ол емес. ДДД (үш Д дегенім ғой). Голливуд. Актер ретінде танылған Кеннет Чарльз Брананың киносы. More