«Қара кісіні» көрдіңіз бе?

Менің бір жазушы танысым бар. Досым дейікші. Жазушы болғанда, егер Дидар Амантайдан кейін әдебиетке прозашы келген жоқ десеңіз, онда ол жазушы жамағатына жатпай қалады. Бірақ ондай сыңаржақ пікірлерге пысқырып та қарамастан, өзін сол «отрядтың» жас жазушылар «класына» қосатын жігіт 🙂 Опшм, сол досым екеуіміздің арамызда жақында мынандай әңгіме өрбіді. Агент арқылы, екенін айту артықтау шығар.

М.Врубель, "Демон сидящий"

Аууууууууу! (бұл оның қасқыр құсап (бөрі деп жұмсартып алсаңыз да еркіңіз) ұлығаны).

Не боп қалды?

Тағы да ішіп кеттім!

– Ненің қазасы?

Кеше мен екінші рет Қара кісіні көрдім.

«Қара кісі» дегені – біліп отырсыз, сайтан. Немесе шайтан, ібіліс, жын…

–  Қай жерде?

Үйде.

– Қорықтың ба? More