«Көтенгазет»

Жау іздегеннен айтпайсың. Бірақ орыстілді әріптестерімізді оқығанда, ой құрғырдың сан-саққа кететіні бар. Мәселен, «Время» деген газетті көрген сайын таңқалам. Күн құрғатпай, қайдан табатыны белгісіз, «свежий» көтендердің суреті шығады да тұрады. Әлде газеттің атын естігендер дереу тоңқая қала ма? Осы күні оның сұхбаттаспаған стриптизері қалмай барады. Түгендеп біткенде, кімді шығарар екен…

Бір нөмір емес, әр нөміріне бадырайтып беріп жатқанына қарағанда, газет арсыздықты насихаттауға шындап кіріскен. Жаңа жылдан бері, ерінбей санап шықтым, осы басылымда жиырмаға жуық жалаңаш тәннің суреті шығыпты. Және қай бетке? Мәдениет бетіне («Без грима»). Суретші болса – міндетті түрде лыпасыз әйелді жазатын, не ұятты жерлерге сурет салатын, кино болса – төсек қатынасын, фотограф болса – тыр-жалаңаш әйелдерді түсіретін, би болса – тек қана стриптиз, ди-джей болса – киімсіз тұрып музыка қоятын, жазушы болса – қалам алғаннан бұрын эротикалық суретке түсетін… Ал стрип дэнс пен фотография-ню – өнердің ұлысы болып тұр. More