Санжар Сұлтанов. Уақыт күтпейді.

Санжар Сұлтанов – мұхиттың арғы бетінде тұратын қазақтың қарадомалағаы. Upper Canada College-де дәріс тыңдап, Нью-Йорктегі Ли Страсберг институтын бітірген. Ал бұл, естеріңізде болса, әлемге Мартин Скорсезе, Роберт де Ниро, Аль Пачино сияқты алыптарды сыйлаған шаңырақ. Небәрі 22 жасар жігіттің «уақыт күтпейтінін» дер кезінде түсінгені жөн болыпты (біз сияқты салпақтап жүре бермей 🙂 )

Қай данышпанның айтқанын қайдам, бірақ «кино деген – жарық». Классиктердің жұмысын көрген соң, амалсыз бас шұлғисыз. Мұнда да алдымен фильмнің жарығы табылғаны қуантты. Бұған дейін Сұлтановтың есімін «Ұры» атты қысқаметражды фильмнен (О Генридің «Родственные души» әңгімесі бойынша) естігеніміз бар. Түн қатып ұрлыққа түсетін жігіт, More