Қазақтың «секс символы» кім?

Әлемнің ең қалаулы әйелдері (еркектері де) кім екенін білесіз. Джоли, Фокс, Йохансон десе, еркек атаулының сілекейі шұбыра жөнеледі екен-мыс (қайдан білейік). Біз де қарап қалғамыз жоқ. Былтыр «нұр.кз» порталы ең сұлу, ең сүйкімді, ең тартымды, ең қылықты… емес, ең «сексуальный» отандық «жұлдызды» түгендеп берді.

Содан не керек, біреулер мәшһүр актриса деп жүрген Әсел Сағатова «алтын алқа» тағынды. Белгілі фильмде орыстың баласын шөпке жатқызып  сүйіп алатын Ассэл «сайлаушылардың» 32,2 пайызының даусын жинапты (кәдімгідей оза шапты деген сөз).

Әселдің артынан барын киіп (дәлірегі шешіп), бақанын сүйретіп  Линда Нигматуллина шауып жеткен. «Медвежья охотада» (Буржуй ойнайтын орыс киносы ше) жалаңаш түсіп, атышулы «Қайрат-чемпионда» ұл сияқты қызды жетектеп, соған «әйелге шыққысы келетін» Линда Талғатқызы дауыстың 14 % қалтасына салған.

«Сталинге сыйлық», «Рывок» фильмдерінде төбе көрсетіп, өзін киноактриса сезініп жүрген үрлеулі әнші Әсел Сәдуақасова «қола медальді» місе тұтса керек (9,5 пайыз).

Одан төменірек 7 пайызбен Лидо, және 5,8 пайызбен Мақпал Исабекова тұрақтаған екен. Ал Ділназ Ахмадиева, Динара Сұлтан More