Тағдырың өз қолыңда!

«Эх, еркектерді» «тырысып» отырып жазғанымды байқаған шығарсыз :). Сол тырысқаннан қайтып кетсек, үйдегілерге «қиын болатынын» түсініп, тағы бір киноға кіріп «бу шығару» керек деп шештік. Сосын… Жүріп жатқандардың тәуірі ғой деп, «Меняющие реальность» деген фильмге қойып кеттік.

Мэтт Дэймон ойнаған «Борн трилогиясының» (Идентификация, Ультиматум, Превосходство), сондай-ақ Скорсезе түсірген «Отступники»-дің көрермені болған соң, жаңа фильм де жаман болмайтын шығар деп үміттенген едік. «Спасти рядового Райана»-ны қалай ұмытуға болады? (айтпақшы, Оушен трилогиясын қалдырып барады екем) (Құдай-ай, жақында ғана Коэндер түсірген «Железная хватка»-ны да көрген екем ғой). Маған бәрінен де қызығы мынау: Мэтт Деймон өте жақсы актер бола тұра, оған «Оскар» әперген актерлік емес, сценаристік жұмыс еді. Осыдан 14 жыл бұрын бала күнгі досы Бен Аффлек екеуі «Умница Уилл Хантинг» деген фильмге сценарий жазып (әрі тамаша рольдер орындап), «Үздік бірегей сценарий» деген аталымда оскарлы болған-тын. Расында, өте жақсы фильм. Ал фильмнен бұрын Бен Аффлек (оның да біраз фильмдерін сүйсіне тамашағам, қанша рет «малина» алса да 🙂 ) пен  Мэтт Деймонның осы күнге дейін жұптарын жазбай келетін достық қарым-қатынасы ұнайды (деп қояйыншы күнде қастарында жүргендей 🙂 ). More

ӘСИЯ ЕСКЕРТЕДІ: БҰЛ ФИЛЬМ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ ҮШІН ҚАУІПТІ

Эх, Гүлжан…

Бір кезде «Күлкі керуені» деген театр ашқан директор Гүлжан Қалыбаева, жақында ғана (жұртын масқаралаған) «Құрдастар» сериалы арқылы көрерменімен қайта қауышқан актриса Гүлжан Қалыбаева осы таланттары аздық етіп, енді өз бойынан режиссерлік ұшқындарын сезіпті. Таланты әбден тынышын алса керек, кино түсіруге бел байлапты. Шамасы, 8 наурызға әйелдер қауымына сыйлық жасамақ болған. Сыйлық емес, сұмдық болды.

Туынды «Эх, мужики!» деп аталады. Оңған оқиға желісі жоқ, «фильм» фантасмагориялық қиялдың желісімен түсірілген екен. Жер бетінде матриархат орнап, әйелдер күшті, өктем, ал еркектер нәзік, бағынышты болса. Әйелдер алба-жұлбасы шығып, арақ ішуден жарысса, ал еркектер боянып-сыланып, ырқылдаған майларын жұқарту үшін фитнеске барып, шығыс биін билесе. Әйелдер еркектері үшін жұдырықтасып, ал еркектер «құнды мүшесінен» айырылса. Әйелдер… еркектер… деп кете береді. Және кадрды кадр алмастырған сайын көзіңіз тас төбеңізге қарай көтеріле береді.

Қызық. Кезінде баспасөз арқылы кәсіби режиссерлерді әбден төмпештеді (әлі де солай). Халықтың санасында: «Е-е-е, кино түсіру оңай емес екен» деген ой орнығуы керек-ті. Керісінше болып шықты. «Олар түк істей алмайды, мен келіп қатырам!». Қай құдірет осындай сенім сыйлайтынын қайдам, қазір әліпті таяқ деп білмейтін кез келген адам осылай ойлайды. Сөйтіп, камераға жүгіреді. Осыдан біраз бұрын («әліпті таяқ…» деген сөздердің бұл кісілерге қатысы жоқ) Сәбит Әбдіхалықовтың «Любовь в кредит» деген туындысын More