Жамбыл – жасанды ақын ба?

«Жамбыл үшін хатшылары жазған» деген әңгімені бұған дейін де естігенбіз. Яғни, Әбділда Тәжібаевтан бастап, Ғали Орманов, Тайыр Жароковтардан құралған «команда» «жоғарғы жақтың сілтеуімен» «чучелодан» ақын жасапты. Бұрнағы күні жыр алыбы Жамбыл туралы «Известия» газеті мақала басты. Әрине, абыз ақынның 165 жылдығын атап өтіп, сұрапыл соғыс жылдарында ленинградтықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтпақ емес. Дмитрий Быков деген данышпан Жамбылдың жанында жүріп «қой бағып, қозы күзеткендей» сенімді сөйлейді. Сөйлегенде, еш күмәнсіз, айдай ақиқат деп, «қолдан жасалған Гомер» атайды.Қайран, Жәкем!..

Жамбылдың кім екенін, қайдан шығып, қалай жырлағанын білгіңіз келсе, өлең-жырларын оқып алыңыз. Содан кейін, бір адам емес, әр түрлі адам жазған дейсіз бе, бірнеше адам бірігіп жазды дейсіз бе, қисынын тапсаңыз, қаралаңыз. Дәл осы  жерде Жамбылға біздің ақтауымыз бес тиынға керегі жоқ, бәрі қағазда сайрап тұр. Өзі, өзінің өлеңі ақтап алады. Ал данышпан не дейді? «Джабаева сотворили коллективными усилиями из неграмотного чабана – но через двадцать лет такой политики в том же Казахстане появилась мощная поэтическая школа, и за Олжаса Сулейменова, скажем, не писал никто, он сам умеет», – деп сөз сабақтайды. («Известия», 3 наурыз, 2011 ж. «Даешь Гомера»). Ой, Алла-ай, қазақта Жамбылдан басқа ақын болмағандай. Жер-дүниенің бәрін «біліп отырған» Быков қазақта Абай деген ақын барын, оған дейінгі жыраулар поэзиясын, одан кейінгі Мағжан, Сұлтанмахмұт, Қасым, Сәкен дегендерді естімеген. Қазақ «орыстар келіп, қолдан жасап берген» Жамбылға дейін екі ұйқастың басын қоса алмаған қараңғы екен… Бұл жерде Жамбылды жоққа шығару ғана емес, More