Жатып көретін жалаңаш көрме
18 Aug 2011 1 пікір
in Анау-мынау Ілмектер:жатып көретін көрме, ню арт, нұрлан төреханов, подними глаза
Мынандай құлақтандыруды көзіңіз шалған болар: «12 – 21 қыркүйекте Алматыдағы Қаржылық орталықта осы уақытқа дейін қазақстандықтардың жүрегін жаулап үлгерген «Төбеге қара» деген көрме өтеді. Әлемдегі бірден-бір, мұндай форматтағы көрме-перфоманс бұл жолы сіздерге қазақстандық авторлардың эротика, ню-арт стиліндегі 200 жұмысын ұсынады». 200 жұмыс дейді. Әрине, қазақтың тыр-жалаңаш қыздары. Газетке береді, жаңалықтан көрсетеді, көрме жасайды. Былғанбаған нең қалды? Қарагөз қарындастың бойында қай қасиет қалды тапталмаған?
Қоғам әбден азғындағанда… Нәпсісін де өнерге телиді екен. Бостандыққа балайды. «Ню арт» деген «термин» жақсы болды, ә десең өнер, ә десең эстетика деп аузыңа «құм құяды». Жібектің More
Медетті неге ұнатпай кеттім?
10 Aug 2011 5 пікір
in Анау-мынау Ілмектер:алаяқтар, алматы-астана, екінші вокзал, жолсерік, пойыз, қазақстан темір жолы
Жол азабы деген жойқын екен. Бұрын отарбамен ары-бері зымырағанда, “зайчик” болып жүрген жолаушыларды көріп, керіліп отыратынмын. Маңдайым тырысып, тыжырынып дегендей
. “Осылардікі не сор, болмашы тиын-тебенге бола әр бұрышта бір тығылып, үшінші полкаға жатып“…”Не ат харошей жизни”, аказывается.
Осы жолы Астанаға жетуім қызық болды. Бір қора адам шығарып салуға келіпті. Екінші вакзалда тұрмыз. Сағат 18.30. 18.40-та жүретін пойыз әлі жоқ. Бірінші жолда маған арман болған тальго тұр. Оған билет табылмады. Табылған пойызым көрінбейді. Бір уақта Құралай құрбым “әкелші” деп, билетке қарап тұрып: “Асюююююш! Пойыз бірінші вакзалдан жүреді екен ғой!” дегені. Жүрегім зырқ ете қалды. Сссұмдық. Қққалдым. More
Абай бар, “Абай” жоқ
09 Aug 2011 5 пікір
in 25-кадр Ілмектер:"біржан сал", "махамбет", "мұстафа шоқай", абай, абай жолы, абай туралы фильм, ардақ әмірқұлов, болат әбділманов, мұхтар әуезов, қазақ актерлері, қазақ киносы
Осыдан бірер жыл бұрын Бішкекке жолымыз түсті. «Қырғызкиноны» басқарып отырған режиссер Замир Эралиев, Алматыдан келген бізден жаңалық сұрады. Ардақ Әмірқұловтың «Гүлсарыға» кіріскен кезі. «Шыңғыс байкеңізді пейішке шығарайық деп жатырмыз» деп «шаттандық». Сонда қырғыз режиссері: «Ардақ Әмірқұлов ұлты қазақ Абайды түсінген жоқ, енді қырғыз Шыңғысты «тойдырып» жібереді деп айта алмаймын» деп бір-ақ кесті. Есемді жібергім келмеген мен: «Ардақ Әмірқұловтың «Абайын» бұл қоғам түсінбейді, ол келесі ұрпақтар үшін түсірілген» деп жібердім. Қайдан шықса, онан шықсын. Жат жұртты солай жұбатқанмен, өз ішімізде білеміз, Ардақ түсірген “Абай” – Абай емес. More
Аюханов айдан түсті ме?..
04 Aug 2011 7 пікір
in Ой түбінде жатқан сөз Ілмектер:болат аюханов, дәулетхан әлімғазы, халық биі, қазақ биі, қара жорға, өзбекәлі жәнібеков, өнертану
Жақында орыстілді бір басылымға Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың сұхбаты шықты. Расында, оның шыққаны туралы Жандос досым айтып еді маған. Іздеп жүріп оқып шықтым. Төбе шашым тік тұрды.
Ағамыз айды аспанға шығарып, «Народный танец такое же привнесенное искусство в Казахстане, как и балет. Ну не было у казахов танцев! Их высосали из пальца, придумали на основе обрядов и традиций», – дейді. Дейді де, «Поскольку у казахов никогда не было танца, влюбленная в Казахстан Лидия Чернышева создавала пластику на основе песен, обрядов, подражания традиционным занятиям кочевников» деген түйіндеме жасайды.
Қалайша жағаңды ұстамайсың? Бізде бидің тарихын зерттеп жүрген кісі некен-саяқ. Бір біледі деп сенсек, бидің «сүйегін шағып, майын ішкен» Болат Аюхановқа сенеміз. Ал осылай деп бәріміз бас ұрып жүрген мәртебелі маманымыз More
Болсаң, мінсіз бол!
02 Aug 2011 6 пікір
in 25-кадр Ілмектер:елім-ай, обратная сторона, санжар мәдиев, сказ о розовом зайце, қазақ актері, қазақ киносы
Бар ғой, бар ғой, қазіргі қазақ киносындағы ең симпатичный жігіт осы сияқты. САНЖАР МӘДИЕВ. Қаланың “продвинутый” баласы. Қазақшасы керемет емес. Сонда да маған ұнааааааааайды. “Обратная сторона”-да көргенде “сынғам”. Сосын “Розовый зайчикта” оңбағанның ролін жақсы ойнап шықты. Болашағын уақыт көрсетер, дегенмен үкілеп отырған актеріміз жерге қаратпас деп ойлаймын.
Бір білгенім, “девушкасы” бар. Так что, бақытты болыңдар дейміз, не дейміз басқа))… Сонымен, газетімізде шыққан шағын сұхбаты…
– Жақында Америкаға барып келдіңіз…
– Иә, Голливудта біліктілігімізді көтердік. Кино әлемінің кіндігі керемет әсер қалдырды.
– «Елім-ай» фильмін көрдік. Сіздің кейіпкеріңіз аса адал жан…
– Рас, өзім де сондай болсам деп қоямын.
– Басқа қандай жобаларға қатыстыңыз?
– А.Ыбыраевтың «Баха мен Таха» фэнтезиі көрсетілуі керек, Е.Рақышев «Айша» деген сериал түсірді… Қазір «Охота на призрака» деп аталатын киноны түсірудеміз.
– Қандай рольді армандайсыз?
– Фантастика мен психологиялық триллерде ойнағым келеді.
– Сіздің түстеріңіз орындала ма?
– Иә. Көпшілігі.
– Ұлттық университетті, Экономика университетін және Өнер академиясын бітіргеніңізді білеміз. Біліміңізді дамытып жатырсыз ба?
– Әрине, өзіңді-өзің дамытпасаң, деградация басталады. Біріншіден, шағын курстар бар. Екіншіден, ылғи бір жаңа дүниелер кездеседі, көресің, оқисың.
– Неше тіл білесіз?
– Ағылшын, қазақ, орыс, неміс, және аздап француз тілін.
– Қандай гаджеттерді пайдаланасыз?
– Ай-фон.
– Виртуалды өмірде шынайы дос табуға бола ма?
– Өте сирек. Ерте ме, кеш пе, адамның көзіне қарағың келеді. Әйтеуір, өз басым сөйтемін. More
Михалков. Пират. Антивирус. Кәмшат.
25 May 2011 9 пікір
in 25-кадр, Анау-мынау, Театр, театр, театр... Ілмектер:Антивирус, Джонни Депп, Кариб теңізінің қарақшылары, Никита Михалков, Утомленные солнцем, Қаллеки театры
Біраз уақыт көрінбей кеттім, рас. Сонымен, менің рухани өмірімді не “тамақтандырды»? Алдымен, біраз күн есімнен шықпай жүрген «Утомленные солнцем. Цитадель». Мұндағы кілтсөз – соғыс, сатқындық, махаббат, тағдыр, сталинизмді, не өткен дәуірді айыптау… емес. Кілтсөз – орыс және Құдай. Дәлірек айтқанда, бұл орысты Құдайдың жақсы көретіні туралы фильм.
Әрине, Митяға жаның ашиды. Котов та қанша батыр болса да сүйгенінен айырылды. Ар-ұяттарын сатып жіберген кемпір-шалдар да өзгермеген. Бірақ бұл туынды жеке драмалардан биіктеп, ұлы ұғымдарға жеткен. Біреулер жазыпты. «Михалков көрсеткен Ресейден қашып кеткім келеді» деп. Былшылбай. Қайдан болса да қашып барғың келеді. Өйткені а-ля Достоевский стиліндегі қоғами мерездері бола тұра, бұл – әркім өзінің ары үшін күресетін мемлекет. Сондықтан да «қасапшы» болуға тиіс Котовтан бастап «ет» ретінде «айдалып» келген әрбір «сарбазға» дейін, More
Медея Иманбаева. Мейірім іздейміз
12 May 2011 16 пікір
in Театр, театр, театр... Ілмектер:А.И. театры, Айгүл Иманбаева, Астана, Гүлжамал Қазақбаева, Жан Ануй, Жұлдызбек Жұманбай, Медея, Темір қатын, Ясон, гастроль, жекеменшік театр, шетел драматургиясы, Ғ.Мүсірепов атындағы театр, Әсет Иманғалиұлы, Қадырғазы Қуандықов, қазақ театры
Кеше, яғни 2011 жылдың 11-мамыры мен үшін өте бақытты күн болды. Өйткені Алматыдан “төркінім” ТЮЗ-дің актерлері келді. Айгүл Иманбаеваның театрымен. Бәрі емес, әрине. Алайда өзім жақсы көретін Гүлжамал апай Қазақбаева, Қадырғазы аға Қуандықов, ең “сүйікті” актерлерімнің бірі Жұлдызбек Жұманбай мен Әсет Иманғалиевтер (екеуі де “Еларнадағы” “Бағдаршамның” жүргізушілері). “Медеяны” көрсем деп жүр едім, өздері келіп қалғаны мұндай жақсы болар ма. Шыны керек, “Темір қатын” көңілімнен шыққан жоқ. Арзанның аты арзан ғой. “Медея”, дәлірек айтқанда Айгүл Иманбаева мені таңқалдырды. Ылғи геройларды ойнағанымен, Жұлдызбек үшін де Ясон – “Қызыл орамалды шынарымнан” кейінгі салмақты ролі ме деймін.





Лебіз